Екі сарбаз жарылған гранатадан жарақат алды

313

0

Екі сарбаз жарылған гранатадан жарақат алды Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан №99116 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі екі сарбазы жарылған гранатадан жарақат алған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы Данияр Әлжанов өзінің Facebook парақшасында мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Министрлік өкілінің мәліметіне қарағанда, №99116 әскери бөлімінің қос сарбазы С. Кошелев пен Б. Жаманбаев оқу полигонындағы оқу-жаттығу кезінде жарақат алған.
«Қазіргі уақытта құзыретті органдар тергеу жүргізуде. Оқиға орнында әскери-құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, әскери қызметшілер қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан жарақат алған. Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша ертең С. Кошелевті әскери бортпен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізу жоспарланған», – деп жазды Данияр Әлжанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<