Екібасты бұзау туды

407

0

Екібасты бұзау туды Ақтөбенің Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылында екібасты бұзау туды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
«Комсомол ауылында екібасты бұзау туды. Мал иесінің айтуынша, туыстық будандастыру болған. Оқиға кеше тіркелді», – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанадбаев.
Айта кетейік, екібасты бұзау тірі қалмады. Жергілікті мал дәрігері төлдеу кезінде қатысты.