«Екі рет үйленіп, ажырастым»: Медеу Арынбаев жеке өмірі туралы айтты

56

0

Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Медеу Арынбаев “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің айтуынша, тыңдармандары оның отбасылық жағдайына жиі қызығушылық танытып, «Қашан үйленесіз?» деген сұрақты көп қояды. Әнші мұндай сәттерде әзілмен жауап беретінін айтты.

“Уайымдамаңыздар, бәрі дұрыс. Уақыты келер. Жеке басымнан өтіп жатқан дүниенің бәрін экраннан қалай айтамыз. Кейде әуежайда болсын аяулы аналарымыз мені көргенде бірінші “Сені жақсы көремізден” бастайды да, хал-жағдай сұрасып, кейін “Әй, үйлендің бе?” деп сұрайды. “Ой, апа, мен екі рет үйленіп, ажырастым ғой, білмейсіз бе?” деп қалжыңдаймын. “Солай ма?” деп таңғалып жатады”, – деді әнші.

Сондай-ақ ол бүгінде басты арманы – балаларының бақытты болғанын көру екенін жеткізді. Айтуынша, ұл-қыздары есейіп, өз алдына шаңырақ көтеретін жасқа жеткен.

“Бір емес, екі жағдай болған. Алла қаласа, ұлым 26 жасқа келді. Солардың тойын өткізсем деймін. Қызым 24 жасқа келіп, бой жетіп жатыр. Олармен жағаласып қалмасам екен деймін. Ұл-қызымды үйлендіріп, жайлы орнына қондырғаннан кейін мүмкін менің де тойым болып қалар”, – дейді әнші.

Әнші қазіргі таңда жеке өмірінен гөрі, балаларының болашағына көбірек көңіл бөліп жүргенін атап өтті.