Қызылорда облысында полицейлер жерглікті екі тұрғыннан 4,3 келі гашиш пен 4,8 келі кептірілген марихуана тәркіледі.
Қызылорда облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы күрес қызметі басқармасының қызметкерлері «Рефлекс-2022» ЖПІШ шеңберінде есірткіні сақтаған және таратқан 40 және 65 жастағы екі тұрғынды анықтады.
«Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 9 келіден астам ірі мөлшерде есірткі затын тәркіленді. Оның ішінде 4 келі 272 грамм «гашиш» және 4 келі 842 грамм кептірілген «марихуана» екені нақтыланды. Олардан заттай дәлелдеме ретінде есірткі затын өлшеуге арналған электронды таразы мен ақшалай қаражат тәркіленді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция дпартаментінен.
Ведомство мәліметінше, күдіктілер қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада газды қарумен оқ атқан тұрғын қамауға алынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<