«Екі жұлдыз»: шығармашылық пен мектеп бірлігінің мерекесі

7

0

Фото: НЗМ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мен мектеп қызметкерлерін біріктірген «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы өтті. Қатысушылар жұп болып өнер көрсетіп, өздерінің вокалдық, актерлік және креативті қабілеттерін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені «NOMAD» шаңырағынан Айшани Даттатрея мен IT-маман Евгений Благов жеңіп алды. I орынды «Хан Тәңірі» шаңырағынан Дария Мейіржанқызы және педагог-куратор Талант Оразбаев,  II орынды «Бұқарбай батыр» шаңырағынан Жантөре Серікбайұлы және мектеп асханасының қызметкері Мөлдір Салықбаева, III орынды «Әйтеке би» шаңырағынан Ислам Сәрсен мен мектеп экономисі Күләш Мырзабекова иеленді.

«Екі жұлдыз»: шығармашылық пен мектеп бірлігінің мерекесі

Номинация иегерлері:

«Үздік әртістік шеберлігімен көзге түскен» – «Айша бибі» шаңырағынан Айерке Батырқызы және лаборант Айша Жүгініс

«Көрермен көзайымы» – «Самұрық» шаңырағынан Дильназ Мырзабекова және педагог-психолог Гүлмира Ақтаева

«Креативті жұп» – «Мұстафа Шоқай» шаңырағынан Бегімсұлу Марат және IT-маман Ерлан ҚаҺарман

«Ең жаңашыл» – «Алаш» шаңырағынан Данияр Манарбек және математика пәнінің мұғалімі Бекасыл Жәлдешқожаев

«Ең сүйкімді жұп» – «Жанкент» шаңырағынан Диана Ғали және физика пәнінің мұғалімі Гүлназ Дихамбаева

«Ең шығармашыл» – «Ақмешіт» шаңырағынан Абылай Сламбек және директордың орынбасары Ляззат Абдраимова

«Үздік шоу» – «Жібек жолы» шаңырағынан Расул Акбаров және математика пәнінің мұғалімі Ақтілек Асылбек

«Үздік идея» – «Сыр елі» шаңырағынан Алихан Қыдырбаев және биология пәнінің мұғалімі David Oscar