Екібастұз жылу орталығының учаске бастығы көз жұмды, тексеру жүргізілуде

432

0

«Екібастұз жылу энергиясы» ЖЭО қызметкері көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам әйелімен болған жанжалдан соң гаражға кетіп, сондағы көлігін оталдырған. Кейін ол ұйықтап, газдан уланып қалған болуы мүмкін.

Қаза тапқан ЖЭО учаскесінің бастығы туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Онда қаза тапқан 33 жастағы ер адамның денесі гараждан табылғаны, оның денесінде зорлық іздері болмағаны туралы полицияның баянаты жарияланды.

«Екібастұз жылу энергиясы» баспасөз қызметі қызметкердің қайтыс болғанын растаған.

«4 желтоқсан күні «Екібастұз жылу энергиясы» ЖШС-не полиция басқармасынан қаладағы гараждарының бірінен көлік ішінен Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесін тапқаны туралы қоңырау түсті. Деректерді тексеру кезінде олар бұл шынымен орталық қызметкері екенін анықтады», – деді кәсіпорын.

Ал Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт қалалық басқармада тіркелген, қазір тексеру жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<