Екібастұзда жылу мен су беруде тағы проблема туындады

730

0

Фото: ашық дереккөз

Екібастұз жылу электр орталығында қалаға беретін судың температурасы түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, 4 наурыз күнгі сағат 21:00-де 9,2/2.0 кг/см2 қысымы жағдайында ЖЭО-дан шығатын су температурасы 46 градусты құрады.

«Станцияда төрт қазандық: №6, 9, 14, 15 қазандықтары жұмыс істеп тұр. Алдағы тәулікте №5 және №11 қазандықтарды да іске қосу жоспарлануда. Бұл температураны 65 градустан асыруға мүмкіндік береді», – деді кәсіпорында.

Дүйсенбі күні жөндеу жұмыстары аяқталған соң №12 қазандықты да іске қосу жоспарланған. Станция қызметкерлері жөндеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде.

Айта кетейік, ЖЭО-дан шығатын (берілетін) желілік судың температурасы 65-70 градус болса, оңтайлы температура саналады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<