ЕКІНШІ САММИТ ВЬЕТНАМДА ӨТУІ МҮМКІН

213

0

 АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ақпан айының орта шенінде Вьетнамда кездесуі мүмкін. Бұл туралы «Иомиури» газеті хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, Вашингтон Пхеньян­ға осындай ұсы­­ныс жасаған. Бұған дейін екіжақты саммит өткізу орны ретінде Индонезия, Моңғолия және Корея түбегіндегі қарусыздандырылған аймақ та сөз болған. Былтыр маусым айында Сингапурде АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының алғашқы кездесуі өткен.

Саммиттің нәтижесінде тараптар бірлескен мәлімдеме жасап, Пхеньян ядролық қарудан бас тартуға, ал АҚШ бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне кепіл беруге келіскен еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<