Облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы «Экологиялық кеңестің» отырысы өтті. Мәжіліске экологиялық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Кеңес отырысында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары Е.Абаканов қауымдастықтың қызметімен таныстарды.«Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ – нақты ахуалды шеше алатын экологиялық ұйымдарды біріктіреді. Қауымдастық экологиялық бастамалар алаңын құруды, Халықаралық серіктестікті дамыту, инвестициялар тарту, халықаралық жобалар мен бағдарламаларға қатысуды көздейді. «Жасыл» технологияны енгізу, қалалардағы экологиялық инфрақұрылымдардың дамуы мен инновациялардың алға басуына үлес қосу, ҚР экологиялық мәселелер бойынша заңнаманы жетілдіру бағытында жұмыс жасайды.«KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығының басқарма төрағасы Ш.Байқұлов қалдықтармен жұмыс жасау тәсілдерін таныстырды.
Мәжіліс қорытындысымен қоршаған ортаны жақсарту бағытында кешенді жоспар әзірлеу шешімі қабылданды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<