Экс-басшы пара алғанын мойындады

219

0

«Астана су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы басшысына парақорлық айып тағылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол ЖШС пайдасына офистік және жертөле үй-жайларын беру туралы қосымша келісім жасасу және тұрғын үй кешенін кәсіпорын теңгеріміне қабылдау-тапсыру актісіне қол қою үшін пара алды деп күдікке ілініп отыр. Бұл үшін ЖШС директорынан тұрғын үй кешеніндегі 2 пәтерді және 60 мың АҚШ долларын алғанын мойындады», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз хатшысы Арман Бердалин елордада өткен брифингте.
Күдіктінің өз кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылмаған. Тергеу жалғасып жатыр.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<