ЕЛ АТАУЫ ӨЗГЕРЕ МЕ?

203

0

Македония парламенті елдің атауын «Солтүстік Македония Республикасы» деп өзгерту туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты ел конституциясына енгізілген өзгертулерді 120 депутаттың 81-і қолдап дауыс берген. Енді оны Грекия парламенті мақұлдауы тиіс.

Югославия тарап, Македония тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері ел атауына байланысты Грекиямен дау жалғасып келеді. Ресми Афины Македония – Грекияның солтүстігіндегі өлкенің бағзы заманнан бергі тарихи атауы деген уәжді алға тартады. Тіпті осыған бола Грекия НАТО мен Еуропа Одағына мүше болуға ниетті Македониямен ол жөнінде келіссөздер өткізуге тосқауыл қойып келген.

Бірақ оппозиция оған бойкот жариялады. Себебі олар бұл екі ұйымға кіру үшін ел атауын өзгерту дұрыс емес деген пікірде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<