Ел бақытын тербеткен – Тәуелсіздік

255

0

Кеше Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесіне орай, Қармақшы ауданында «Ел бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Сұлтан Мақашов аудан тұрғындарын еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап жылы лебізін жеткізді.

– Бүгінгі мерекенің еліміздің тарихында, халқымыздың тағдырында алатын орны ерекше. Себебі, кез келген ұлт үшін Тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік, береке мен бірлік, тілі мен дәстүрі – ең қымбат, ең асыл ұғымдар. Біздер, абыз аталарымыз сан ғасырлар бойы армандаған азатты, арайлы күнге жеттік. Баһадүр бабаларымыз жанын пида еткен тәуелсіздік туы осыдан 27 жыл бұрын көкте желбіреді. Тәуелсіздік – біздер үшін баға жетпес бақыт, – деді аудан басшысы өз сөзінде.  

Сонымен бірге ауданымыздың өсіп өркендеуіне үлес қосқан түрлі саланың өкілдерінің қызметкерлеріне облыс әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.

Сондай-ақ шәкірттері халықаралық және облыстың мақтанышына айналған, өңіріміздің рухани – мәдени дамуына серпінді үлес қосқан мәдениет саласының майталманы жыршы Зәуре Кәрібаеваға, Жосалы кенті орталығындағы №15 жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Марат Асыловқа «Астана қаласының 20 жылдығы» төсбелгісімен марапатталды.

Салтанатты жиын мерекеге арнайы дайындалған аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<