Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды мәселелер қаралды.
Әділетті, қуатты, қауіпсіз әрі таза Қазақстанның тұғырын одан әрі нығайту, заман талабына сай бейімделу мақсатында іске асатын парламенттік реформа аясында Ата Заңымыздағы өзгерістер ауқымды болмақ.
Бұл реформа жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар болатыны айтылды. Әрине бұл өзгерістер бүкілхалықтық референдумда қолдау тапқанда орын алады. Мемлекеттік билік реформалары бір палаталы парламент-құрылтайға көшу, халық кеңесін құру, вице-президент лауазымын енгізу бұл биліктің әлеуетін арттырып, мемлекетіміздің дамуына серпін беретін болады.
Құрылтай жиынында еліміздің әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени дамуына қатысты бағыт-бағдар айқындалып, құзырлы органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Ұлттық құрылтайдың V-ші қорытынды отырысына құрылтай мүшелерімен бірге, бір топ Сыр өңірінің азаматы қатысып, мемлекеттік наградалар алды. Бұл бүгінде қарыштап дамып, өзге өңірлерге үлгі болып жатқан Қызылорда облысына деген Мемлекет басшысының құрметі деп білеміз.
Кейінгі кездері Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп, өркендеп жатқанынайтқан Мемлекет басшысы «Мен Сыр елі жұртшылығы бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін» деп ерекше тоқталды.
Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухана құрылысы басталды, көп ұзамай Мемлекет басшысының тапсырмасына орай 500 орындық емхана, 200 орындық перзентхана салынатын болады. Жоспарланған автомобиль жолдары, түрлі нысандар іске қосылғанда облыс әлеуеті әлдеқайда артып өңіріміз өркендей түседі.
Ел игілігі жолындағы жаңашыл бастамаларға ұйытқы болып, алға жетелеп, халық алғысына бөленіп жүрген облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлына да ризашылығымызды білдіреміз.
Сондай ақ мен үшін ең әсерлі сәт Ұлттық құрылтайда Президент қолынан «Парасат» орденімен марапатталуым болды. Бұл марапат менің қоғам алдындағы жауапкершілігімді еселей түседі.
Бастысы Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы баянды болсын.
Ибадулла Құттықожаев,
Қалалық мәслихат төрағасы





