Елбасы президент әкімшілігі басшысының орынбасарын тағайындады

304

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлия Рақышеваны Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды деп хабаралйды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, Ақорда сайтында елбасының арнайы жарлығы жарияланды.

Ә.Ғ. Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы

Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 5 сәуір»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<