Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты» халыққа үндеуіне байланысты Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Дамуға арналған бес бастама» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен өткен бас қосуға үкіметтік емес ұйым мүшелері, қаламыздың белсенді жастарі,өңірлік саяси партия филиалдарының өкілдері мен ардагерлер қатысып, үндеуді қолдауға байланысты ұсыныстар талқыланды.Аталмыш бастамаға орай өткізілген дөңгелек үстелге ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті РММ-нің басқарма басшысы Темірлан Қожаназаров, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Аманкелдіқызы, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің басшысы Әлима Жақыпқызы, «Рухани қазына» бөлімінің басшысы Серікбай Қылышбайұлы, облыстық кәсіпкерлік және туризмді дамыту басқармасы, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бөлім басшысы Азамат Бегалыұлы, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Шолпан Оспанова баяндама оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
2018 жылдың 5 наурызында жарияланған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, газбен қамтамасыз етуді жалғастыру туралы нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғаларға міндеттер жүктелген болатын.
Жансая ҚЫДЫРБАЙ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың
4-курс студенті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<