Елдегі инфляция 0,9% жетті: ұялы байланыс қызметі 5% өскен

385

0

Фото: Kazinform

2024 жылғы қазанда айлық инфляция деңгейі үдей түсіп, 0,9% құрады (ағымдағы жылғы қыркүйекте – 0,4%). Ақылы қызметтердің бағасы – 1,4%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 1%, азық-түлік тауарлары 0,4% жоғарылады. Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға – 25%, су бұруға – 5,3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 1%, электр энергиясына, ыстық суға 0,6%-дан жоғарылады. Теміржолмен жолаушылау қызметі – 13%, ұялы байланыс қызметі 5% қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде қазан айында отын бағасы өсті – 4,7%, тас көмір – 1,1%. Тұрмыстық техника – 2,6%, киім мен аяқ-киім – 0,9%, құрылыс материалдары мен жеке пайдаланылатын тауарлар 0,4%-дан қымбаттады.

Азық-түліктен қияр бағасы 9,7%, қызанақ – 8,6% , лимон – 7%, апельсин – 6,7%, тұз – 6,5%, жұмыртқа – 3,2%, күнбағыс майы 2,4% өсті. Бағаның төмендеуі сәбізге – 10%, жүзімге – 5,7%, алмаға – 3,4%, қызылшаға – 3,2%, пиязға – 2,8%, картопқа 2,1% байқалды.

Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Алматы қаласында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,8 п.т. жоғары), ең төменгі – Павлодар облысында және Астана қаласында 0,4%-дан тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Алматы облысында – 0,8%, азық-түлік емес тауарларына – Ұлытау, Абай облыстарында 1,7%-дан, ақылы қызметтерге – Алматы қаласында 3,6% өсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<