Елден қаржыны заңсыз шығаратындармен күрес күшейтіледі

197

0

 Ұлттық банк Қазақстаннан заңсыз қаржы шығарумен күрес шараларын күшейтеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елден қаржы шығаруға қарсы бағытталған шаралар күшейтіледі. Атап айтқанда, валюталық бақылау мақсатында Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің арасындағы өзара ақпараттық әрекеттестік шараларын кеңейту жоспарланған», – деді Ақышев.
Сонымен қатар ол Ұлттық банктің ағымдағы басымдығы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындауға негізделетінін атап өтті. Бұл тұрғыда басымдықты секторларды несиелеумен қамтамасыз етуге екпін қойылмақ. Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық банк инфляцияны таргеттеу саясатын жалғастырады. Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы теңгенің айырбас бағамына қатысты тәуекелдер туралы айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<