Елді мекендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты

43

0

Фото: Жалағаш ауданы

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Аққыр ауылдық округіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Аудан әкімімен бірге облыстық мәслихат депутаты Әмір Шаймағанбетов, аудандық мәслихат депутаты Қуат Адисұлы және сала бойынша жауапты басшылар барды.

«Қазақстан халқына» қоры есебінен жалпы құны 175,0 млн теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауыл тұрғындары үшін маңызға ие жаңа нысанның құрылыс сапасы жоғары болу қажеттігін айтты. Аққыр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Елді мекендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысы бойынша аймақ басшысының бастамасымен ұйымдастырылған «Үлгілі елді мекен» жоба аясында жеңіп алған 15,0 млн теңгеге, аудандық бюджеттен 1,5 млн теңге қосымша бөлініп, жалпы құны 16,5 млн теңге болатын «спорттық жаттығу алаңын» салу жоспарлануда.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<