Елді мекендерді газдандыру жұмыстары күнделікті бақылауда

763

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Соңғы жылдары Қазалы ауданында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.

Бүгінгі таңда аудан орталығына жақын орналасқан Ғ.Мұратбаев, Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Басықара ауылдары көгілдір отынның игілігін көріп отырса, жақын күндері ғана аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен Абай ауылына да көгілдір отын қосылды.

Ал биыл ауданда елді мекендерді газдандыру бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі ауданға қарасты Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би Майдакөл, Ү.Түктібаев елді мекендеріне магистральды газ құбырын тарту жұмыстары.

Бес ауылға магистральды газ құбырын тарту жұмыстары аудан әкімдігінің үнемі бақылауында. Осыған сәйкес аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев елді мекендерге газ құбырын тарту жұмыстарын бақылап, мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесті.

Сондай-ақ Ақтан батыр ауылына орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстарында көрді.

Аудан әкімінің орынбасары мердігер мекеме қызметкерлеріне күн жылы уақытта биылға жоспарланған жұмыстарды мерзімінде бітіріп, биылға жоспарланған қаржы игеру қажеттігін ескертті. Сондай-ақ жұмыстың ең әуелі сапасына мән беруді тапсырды.

Айта кетейік, елді мекендерге тартылатын газ құбырының жалпы ұзындығы 56,8 шақырымды құраса, бұл жұмыстармен мердігер мекеме «Отау – Строй» ЖШС айналысуда.

Бұл жұмыстардың барлығы толығымен аяқталғаннан кейін жалпы аудандағы елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 68 пайызды құрамақ.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<