Молдан Байылов – “Мағжан и К” ЖШС күріш ақтау зауытының операторы. Ол 27 жылын бір салаға арнаған маман. Тәулігіне 30 тонна күріш ақтайтын технологияның тілін меңгерген жұмысшы. Жұмыс процесінің әр деталына мән беріп, бақылайды.
Мен өзім дайын өнімнің операторымын. Күріштің салмағына қараймын, сапасына қараймын. 3 келіден бастап 25 келіге дейін күріш шығарамыз. Күріштің сапасы өте жақсы. Мекеменің басшылығына жұмысты ұйымдастырып беріп жатқандарына ризашылығымды білдіремін. Бізде цифрлық завод 2019 жылы құрылды. Мұнда Оңтүстік Кореялық технология. Көп жұмыс қазір авто-кар арқылы жүруде. Қысы-жазы бізге жұмыс жасайды,- деді Молдан Байылов.





