Электронды темекінің адамға тигізетін кері әсері дәлелденді

198

0

Электронды темекі шегетін адамдарда әртүрлі жүрек-қан тамырлары аурулары пайда болады. Германияда Майнц университетінің медициналық орталығының ғалымдары ғылыми эксперимент жүргізді, деп хабарлады life.ru.
Экспериментке темекі шекпейтін, дені сау 20 ерікті қатысқан. Олардың ағзаларында электронды темекіні алғаш рет қолданып көргеннен кейін-ақ өзгерістер пайда бола бастаған. Олардан жүректің жиі соғуы, артериялық қысымның жоғарылауы тіркелген.
Сондай-ақ электронды темекі буының қан айналымы жүйесінің негізгі қорғаныш тіні болатын эндотелийдің жұмысын бұзатыны анықталды. Бұл жүректің жиі соғуы мен қан қысымының жоғарылауына әкеліп соғады, мидың зақымдану қаупін арттырады және ішкі тіндерге зақым келтіруі мүмкін.
Зертханалық тәжірибелерде ғалымдар қан тамырлары жұмысының бұзылуы электронды темекіден бу шыққан кезде пайда болатын NOX-2 ферментімен байланысты екенін анықтады. Қалыпты жағдайда ол ағзаны бактериялардан қорғайтын қорғаныс қызметін атқарады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<