Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA-1000 турниріне қатыспайтын болды

402

0

Фото: championat.com

Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирге қатыспайтын болды. Бұл туралы championat.com жазды.

Рыбакинаның ойыннан шығуына арқасындағы жарақат себеп болған. Өткен жылы Елена Бейжіңде өткен турнирде жартылай финалға дейін жетіп, 390 рейтингтік ұпай жоғалтты.

Елена Рыбакина қатарынан үшінші турнирден (US Open, Сеул, Бейжің) шығып қалып отыр.

Бұған дейін әлемнің тоғызыншы ракеткасы, грекиялық Мария Саккари, әлемнің 10-шы ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз және әлемдік рейтингтің көшбасшысы, поляк Ига Швёнтек Бейжіңдегі турнирден шығып қалған болатын. Былтырғы финалда Швёнтек ресейлік теннисші Людмила Самсонованы 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<