Фото: ашық дереккөз
Майами WTA 1000 турнирінің финалына шыққаннан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина тапқан табысы жөнінен көш басына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Спорт Шредингера» телеграм-каналынан алынған мәліметке қарағанда, қазақстандық теннисші әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы басып озды.
Жыл басынан бері Елена 3 млн 178,819 мың, Арина 3 млн 118,046 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.
Әлемде 2023 жылы ең көп табыс тапқан теннисшілер үштігі мынадай:
1. Елена Рыбакина – $3 178 819,
2. Арина Соболенко – $3 118 046,
3. Джессика Пегула – $1 979 888.
Майами жарысында Елена Рыбакина қазірдің өзінде 662 360 доллар табыс тауып, 650 рейтингілік ұпайға ие болып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майамиде жартылай финалда бірінші сәтте қарсыласынан басым түскенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Майамиде әлемнің үшінші ракеткасын жеңіп, финалға шықты.
Елена Рыбакина тай-брейк пен эйс жөнінен бірегей нәтижеге қол жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<