Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында елде 4 ірі теміржол жобасы іске асырылатынын айтты.
«Елдің көліктік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту үшін жалпы ұзындығы 1 мың 300 шақырым болатын 4 теміржол жобасы қолға алынды.
«Достық – Мойынты» теміржол учаскесінде екінші жолдардың және Алматы айналма жолының құрылысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз» желілерінің құрылысы басталды», – деді Марат Қарабаев.
Министрдің айтуынша, бұл жобалар Достық станциясының өткізу қабілетін жылына 35 млн тоннаға дейін ұлғайтады.
Сондай-ақ, Алматы Орталық Азия мен Қытай арасындағы инфрақұрылым қабілетін 20 млн тоннаға дейін арттырады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<