Елімізде мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. 2030 жылға қарай аталған салада өндірілетін өнім көлемі 1,8 млн тоннаға жетеді.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, шикізатпен қамтамасыз етуден түпкілікті өнім шығаруға дейінгі іс-шараларды қамтитын мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған жол картасы әзірленген. Құжаттың мақсаты – мұнай-газ химиясы саласын дамыту, осы саладағы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.
«Жол картасының ережелерін орындау шеңберінде мынадай нәтижелер көзделген. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемін 2023 жылғы 357,8 мың тоннадан 2030 жылға қарай 1,8 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Мұнай-газ химиясында іске асырылатын және жаңа жобалар қажетті шикізатпен қамтамасыз етіледі. Салаға 14,7 млрд АҚШ доллары сомасына инвестиция тартылып, шамамен 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орнын құрылатын алты жоба іске асырылады. Мұнай-газ химиясы жобалары үшін «ҰИМХТ» арнайы экономикалық аймақ аумағында қажетті инфрақұрылым салынады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, мұнай-газ-химия саласының өнімдерін өткізу нарығы қамтамасыз етіліп, ішкі тұтынуды ынталандыру көзделіп отыр. Ғылыми базаны, адами капиталды жетілдіру, сондай-ақ тиісті нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарды қабылдау есебінен саланы дамыту үшін жағдайлар жасалады.
Үкімет аталған жол картасын бекітті.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда полиэтилен шығаратын алғашқы зауыттың құрылысы басталғанын хабарланған едік.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<