Жұртшылық астрологтар мен бақсы-балгерлер қызметіне 39 миллион теңге жұмсаған, деп хабарлайды qandastar.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кәсіпкер ретінде тіркелген астрологтардың ең көп табыс тапқан жері Астана қаласы. Көріпкелдер Астанада 25,3 млн теңге табыс тапқан.
Сонымен қатар, аталмыш қаржы тек жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендерге түскен табыс. Ұйымның дерегінше, көріпкелдердің барлығының тіркеліп жұмыс істеуі екіталай, ал сауалнама барлық жеке кәсіпкерлерді қамтымаған, сондықтан табыс бұдан да жоғары болуы мүмкін.
Ресми деректер бойынша, қызметтердің жалпы көлемінің 38,1 миллион теңгесін халық төлесе, ал 1 миллион теңгені Атырау облысында тіркелген белгісіз ұйым төлеген болып шықты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<