Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды

244

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

25 шілде – Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні. Осыған сәйкес елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» акциясы басталды. Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмаған азаматтарды жазатайым оқиғалардан сақтап, қаза болуына жол бермеу. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстыық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Бейбітхан Спанов мәлімдеді.

– Облыста шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі таңда құтқарушылармен 3 адам құтқарылды, оның үшеуі де бала. Жалпы, орын алатын қайғылы жағдайлардың негізгі себептері – тыйым салынған жерлерде шомылу мен балаларды қараусыз қалдыру және өз күштерін асыра бағалау, жүзе алмау. Осыған байланысты Дүниежүзілік адамдардың суға батуының алдын алу күні қарсаңында облысымыздың құтқарушыларымен рейдтікіс-шаралар жүргізіледі. Сонымен қатар, облыста жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының 12 фактісі тіркелген. Салдарынан 1-7 жас аралығындағы 13 бала түрлі жарақат алған. Тиісті сала мамандарының айтуынша, мұндай оқыс оқиғаларға басты себеп – ата-аналардың балаларға немқұрайлы қарауы болып отыр. Оған қоса, терезеде уақытша бекітшік торлардың болмауы мен москит торларының берік бекітілумеуі де балалардың терезеден құлап кетуіне әкеп соғады. Осы орайда облыс тұрғындарынан терезені ашық қалдырмауды және қосымша қорғаныш құралын орнатуды сұраймыз, – деді Бейбітхан Оразайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<