Есірткі таратып, сатқан немесе жасырын жарнамалаған Telegram каналдар соңғы үш жылдың ішінде анықталып отыр.
«Біздің қордың «Мерген» атты жұмыс алгоритмі бар, ол жасанды интеллекті арқылы жұмыс істейді. 2021 жылдан бері ел аумағында өз күшімізбен есірткі таратқан немесе жасырын жарнама жасаған 3 мыңнан астам Telegram каналды бұғаттадық. Оған қоса біз құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Есірткімен күреске кез келген адам қатысып, күмәнді QR кодты көрсе, фото, видеоға түсіріп, анықтауға үлесін қоса алады. Мүмкіндігінше күмәнді жайттар туралы тез арада айтқан абзал, сол арқылы біз жылдам әрекет жасап, есірткі таратудың алдын алып немесе жоя аламыз», – деді «ESBOL» қорының төрағасы Жандос Ақтаев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Айта кетейік, бүгін Астанада есірткі қылмысының digital-картасы іске қосылды.
Елордада есірткіні тарату, сату, сатып алу және оны жасырын жарнамалауды жоюмен айналысатын арнайы сайт (esbol.kz) іске қосылды. Оған нашақорлыққа қатысты кез келген ақпаратты жіберіп, хабарлауға болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<