Елімізде имамдарға әлеуметтік желі пайдалануға тыйым салына ма?

368

0

Фото: pixabay.com

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Қазақстанда имамдарға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жуырда Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желіде уағыз айтуға тыйым салынған еді.

«Әрине, көрші елдің бұл тәжірибесін білеміз. Менің ойымша, әлеуметтік желілер де үммет және азаматтармен байланыс орнатудың бір құралы. Сондықтан біз әзірше басқа нұсқаны қарастырып жатырмыз. Бірақ әлеуметтік желіде (парақшаны – еск.) жүргізуге тыйым салу мәселесі қарастырылып отырған жоқ «, – деді Қанат Ысқақов Сенат кулуарында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<