Елімізде электромобильдер саны 1,8 есе өсті

216

0

Коллаж: Canva

2024 жылғы қыркүйекте есепке 163,9 мың бірлік автокөлік құралы қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% кем, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 614,7 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,9% бензинмен жүреді, аралас отын есебінен қозғалатын автомобильдердің үлесі – 7,4%, дизель отынымен – 7,1%. Газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 213 бірлікке артты, көліктің жалпы санында газ баллоны бар автомобильдің үлесі 0,3% құрады. Тағы 11 706 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады және олардың жалпы көлік санындағы үлесі 0,2% құрады, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда электромобильдер саны 1,8 есе өсті.

Еске салсақ, Қазақстан аумағында 10 970 электромобиль тіркелгені туралы хабарладық.

Сонымен қатар Электромобильдер адам денсаулығына қауіпті ме деген сұраққа Kazinform тілшісі сараптама жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<