Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.
Оның айтуынша Президенттің тапсырмасы аясында алдағы екі жылда энергия жүйесінің қуатын шамамен 3 ГВт-қа арттыратын бірқатар жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұдан басқа, 2026 жылы Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 жаңа газ өңдеу зауытын, «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын және «Бейнеу–Бозой–Шымкент» газ құбырының екінші желісін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ атом саласын дамыту мәселелеріне назар аударылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<