Елімізде лицензиясы жоқ компаниялардың тізімі жарияланды

583

0

Өткен жылдан бастап, агенттікке жоғары кірістілік кепілдігіне уәде бере отырып, клиенттердің ақшасын инвестициялық мақсаттар үшін тартатын лицензияланбаған компаниялардың қызметі мәселелері бойынша 40-тан астам шағым мен өтініш келіп түскен.

«Осындай компаниялар көп жағдайда оффшорлық аймақтарда тіркелген және олардың қаржы реттеушісінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ. Олар клиенттерге консультация беруді ұсынады және өз сервистері арқылы қаражатты инвестициялау бойынша оқыту жүргізеді. Қазақстан аумағында аталған компаниялар негізінен қашықтан, өкілдіктер мен филиалдар, не сенімхат бойынша өкілдер арқылы жұмыс істейді», делінген хабарламада.

Агенттіктің мәлімдеуінше, бұл ұйымдардың жұмыс істеу схемасы клиентке шетел валютасымен және өзге де қаржы құралдарымен операциялар жасау үшін жабық интернет сервистерге және сауда платформаларына қашықтан кіру берілетінін болжайды. Мұндай платформаларда клиенттер өздерінің жеке кабинетінде өз қаражатының «ұлғаюын» байқауы мүмкін. Клиент «тапқан» кірісін алуға әрекет жасаған кезде, бұл компаниялар ақшаны қайтарғаны үшін қосымша сыйақы талап ете отырып клиентке оның ақшасын қайтарудан жалтарады, не қандай да бір себептермен клиенттердің шоттарының негізсіз «күшін жояды», бұл да алаяқтық әрекеттер белгісіне ие.

«Осындай компаниялардың банк салымдары бойынша сыйақының ағымдағы мөлшерлемесінен көп асатын жоғары пайданы уәде ете отырып, өз қызметтерін негізінен әлеуметтік желі арқылы агрессивті түрде жарнама жасайтынына назар аударған жөн.

Осыған байланысты, агенттік Қазақстан азаматтарын агрессивті жарнамаға берілмеуге шақырады және түсінікті әрі айқын құқықтық режимі бар компаниялармен жұмыс істеуге ұсыным береді», делінген хабарламада.

Уәкілетті органның ҚР бағалы қағаздар нарығында қызметпен айналысуға лицензиялары бар брокерлік/дилерлік ұйымдардың тізімі агенттіктіңсайтында орналастырылған.

Аталған компаниялардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында қатаң түрде регламенттеледі. Агенттік ойыншылардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және бұл компаниялардың қызметін тұтынушылардың құқығы мен заңды мүддесін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етеді. «Лицензияланбаған компаниялардың қызметіне байланысты азаматтардың тәуекелдерін болдырмау үшін агенттік азаматтардың шағымдары келіп түскен компаниялардың тізбесі мен сайттарын жариялады.

Сонымен бірге агенттік өздерін «инвестициялық компаниялар» ретінде көрсететін ұйымдармен шарттық қатынастарға түскен кезде IOSCO халықаралық Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының хабарламасы және ескертуімен танысуды ұсынады.

Сондай-ақ қаржы құралдарымен сауда-саттық жасаудың түрлі нарықтық, кредиттік, валюталық тәуекелдермен қатар жүретінін есте ұстаған маңызды.

Осыған орай, инвесторларға инвестицияларды лицензияланған қазақстандық компаниялар арқылы жүзеге асыруды ұсыным береміз», делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<