Елімізде медсақтандыруға төленетін төлемнің тәртібі өзгерді

1504

0

Фото: ашық дереккөз

Елімізде ұзақ мерзімге демалысқа шығатын жұмысшыларға төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаражат аударудың тәртібі өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді бухгалтерлер әр қызметкердің демалған айына төлемді теңдей бөлуі керек. Мысалы жұмысшының ақылы еңбек демалысы екі айға созылса, төлем оның жұмысқа келмеген уақыттарына пропорционалды түрде бөлінеді. Сонда қызметкерге 12 ай бойы төлем жүріп тұрады. Тиісінше медициналық сақтандыру қорына қарыз болмайды.

Қор өкілдерінің мәліметінше, көбіне есепшілер дәл осылай ұзақ уақытқа демалысқа шыққан жұмысшылардың төлемін есептегенде қателеседі. Былтыр соның кесірінен 190 мыңға жуық адам медициналық сақтандыру қорына берешек болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<