Елімізде суға түсіп, көз жұмып жатқан бала саны күрт көбейді

626

0

Фото: Жетісу облыстық әкімдігі

Қазақстанда су айдындарында қаза тапқандардың саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Алайда балалар өлімінің күрт өсуі үлкен алаңдаушылық тудырады.

Жазатайым оқиғалар демалыс күндері жиі кездеседі. Қауіпсіздік ережелерін елемеу, жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды назардан тыс қалдыру көбінесе қайғылы жағдайға әкеліп жатыр. Мәселен, шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті.

«ТЖМ қазақстандықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіріп қана қоймай, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 721 қазақстандыққа 18 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Министрліктің халықты қорғау бойынша қабылдаған шаралары өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Оған дәлел, 45 күннің ішінде құтқарушылар 153 адамның, оның ішінде 38 баланың қаза болуына жол бермеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<