Елімізде үш қала ауылға айналуы мүмкін

418

0

Қазақстанның үш елді мекені қала санатынан ауыл санатына өтуі мүмкін, өйткені тұрғыны тым аз, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 қыркүйек күні Ашық НҚА порталында 2021 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына» өзгеріс енгізу жобасы әзірленді.

Жобаға сәйкес, әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалалардың, яғни халық саны 10 мың адамнан кем қаланың әкімшілік мәртебесін өзгерту процесі жүргізіледі.Қазір мұндай үш қала бар:

Степняк (Ақмола облысы) – 3,8 мың адам;

Темір (Ақтөбе облысы) – 2,1 мың адам;

Жем (Ақтөбе облысы) – 1,5 мың.

Ал кейбір халқы көп ауылдар «өсіп» қала мәртебесіне ие болады. Елімізде осындай 17 елді мекен бар, олардың ең ірілері:

Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылы – 54 мың адам;

Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылы – 50 мың адам;

Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылы – 47 мың адам және басқа да ауылдар.

Құжат 26 қыркүйекке дейін талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<