Елімізде жас ғалымдардың үлесі 34 пайызға жетті

760

0

Сурет: ашық дереккөзден

Ғылыми зерттеу институттарында басшы кадрлар «қартайып» жатыр. Бұл туралы Мәжілісте ғылымды дамыту тақырыбындағы Үкімет сағатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде 22 456 ғылыми кадр бар. Зерттеушілердің 37 пайызында (2022 жылы – 35%) ғылыми және академиялық дәрежесі бар. Сондай-ақ зерттеушілердің 34 пайызын – 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар, 43 пайызын – 35-54 жастағылар, 23 пайызын 55 жастан асқандар ғалымдар құрап отыр. Алайда ғылыми зерттеу институттарында басшы кадрлардың қартаюы байқалып отыр», – деді С.Нұрбек.

Оның айтуынша, елімізде 414 ұйым ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырып жатыр. Мемлекеттік секторға бағынатын ұйымдардың саны 26 пайыз ғана. 43 пайызы кәсіпкерлік жемеменшік ұйымдарға тиесілі. Осы орайда бизнес біртіндеп ғылыми зерттеу жұмысына бетбұрыс жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<