Еліміздің 12 өңірінде мүгедектерді оңалту орталығы салынады

793

0

Еліміздің 12 өңірінде мүгедектерді оңалту орталығы салынады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2021 жылы тәулік бойы стационар жағдайда 52 963 бала ем алды. «Қамқорлық» бастамасының ІІ-кезеңін жүзеге асыру аясында 2022 жылдың басында 8 республикалық орталық Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе облыстарында, 2 ерте араласу орталығы Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында ашылды», – деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.
Вице-министрдің атап өтуінше, осы жылдың ішінде еліміз бойынша 17 «Қамқорлық» ерте араласу орталығын ашу жоспарланған.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі аясында әрқайсысы 150 орынға арналған оңалту орталықтарын Ақмола. Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ашу көзделген.
«Сонымен қатар 8 өңірде аутистикалық спектрі бұзылған және өзге де менталды кемшіліктері бар балалар күндіз келіп ем алатын орталықтар ашу жоспарланып отыр», – деді Ералы Тоғжанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<