Алдағы уақытта қазақстандық пойыз жолаушыларына Starlink интернеті қолжетімді болады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжановтың айтуынша, Starlink интернетін пилоттық жоба ретінде іске қосу жоспарланып отыр.
«Тиісті өтінім берілді, енді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің растауын күтіп отырмыз. Жыл соңына қарай пилоттық режимде іске қосамыз деп ойлаймын», — деді Жәнібек Тайжанов аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы 2024 жылдың екінші жартысында «Тальго» пойыздарында бейнебақылау орнатылатынын тілге тиек етті.
Айта кетейік, елімізде әйелдерге арналған пойыздар саны артады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<