Елімізге келген туристердің көп бөлігі қай өңірге ағылады

691

0

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әлі күнге дейін Қазақстандағы туризмнің негізгі драйвері болып табылады. Курорттық демалысты сүйетіндердің басым бөлігі Қазақстанның оңтүстік астанасына баруды жөн көреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 766,6 мың адамға отандық курорттық аймақтар қызмет көрсетті. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,1 мың адамға артық.

2024 жылғы қаңтар-наурыз деректері бойынша ең танымал курорттық аймақ – Алматы тау кластері. Оған аталмыш уақыт аралығында 551,9 мың турист келген.

Келесі танымал орындар тізбегі:

  • Щучье-Бурабай курорттық аймағы – 69,1 мың турист.
  • Маңғыстау курорттық аймағы – 57,5 мың келуші.
  • Түркістан туристік аймағы 26,1 мың адам
  • Алтай курорттық аймағы 20,7 мың турист.

«2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында курорттық аймақтарда орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі 27,8 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 23,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл тиісінше 19,8% артық», – деп хабарлады ведомство.

Тоқаев туризм саласында айрықша назар аударуды қажет ететін бірнеше басым бағытты айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<