Елімнің бағы – Елбасы

252

0

 1 желтоқсан – Тұңғыш Прзидент күніне орай Сырдария аудандық мәдениет үйінде «Елімнің бағы – Елбасы» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Р.Рүстемов, облыстық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары қатысты. 

Мерекелік шарада лэд экран арқылы тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Онда ерлігі дастан Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды гүлдендірудегі еңбегі, ішкі-сыртқы саясаттағы көрегендігі, көшбасшылық қасиеті көпшілік назарына ұсынылды. Мұнан соң Мемлекеттік Ту енгізіліп, Гимн орындалды. Салтанатты шарада аудан әкімі Руслан Рүстемұлы сырдариялықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

– Ел экономикасын дамытып, ішкі және сыртқы саясатты әлемдік деңгейге көтерген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еркіндіктің есігін ашты. Елбасының мықты саяси ерлігі мен көреген саясатының арқасында үлкен белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл жетістіктер Қазақстанның бірлігі, Конституцияның қорғалуы, адамдардың құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз етуші әрі жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы – Тұңғыш Президенттің есімімен тікелей байланысты. Нұрсұлтан Әбішұлы аз ғана уақыт ішінде жаһандық бастамалардың иесі, кемеңгер саясатшы ретінде әлемге танылды. Сыр елі Елбасының ерекше ықыласына бөленген аймақ. Барша қазақстандықтармен бірге Сырдария ауданының халқы да Елбасы саясатын қуаттай отырып, еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Баршаңызды тарихымызға қазақстандықтардың бүкілхалықтық таңдауымен енген мемлекеттік мерекемен құттықтаймын, – деді аудан басшысы.

Құттықтаудан кейін аудан әкімінің ықылас гүлі ортаға қойылып, аудан көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Е.БЕРКІНБАЕВ,

Сырдария ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<