Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халықпен есептік кездесуінде байларға салық көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасы.
Оның айтуынша, бүгінде министрлік халықаралық тәжірибені зерделеп жатыр. Қымбат көлік, жалтыраған пәтер немесе гектар-гектар жері мен жекеменшік яхтасы бар қалталыларға салықтың жаңа түрі шығуы мүмкін.
«Байлық салығын» енгізу туралы былтыр мәжіліс депутаттары да мәселе қозғаған болатын. Енді оған Ұлттық экономика министрлігі кіріскен.
«Менің ойымша, жер аумағы, мүлік, автокөлік сияқты салық төлеу нысандары әлдеқайда жеңіл рәсімделеді. Оның бәрі мемлекеттік тіркеуде тұр. Бірақ оларға салынатын салықты жалақыдан ұстамау керек. Сол салық нысандарын әкімшілік тіркеуге алып, оларға арнайы есеп жүргізген жөн», – дейді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<