Еліміздің бірқатар өңірлерінде ескерту жарияланды

179

0

Республиканың бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
15-17 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.
15 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі және көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
15 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерелріне тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Сондай-ақ, ертең Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауылдың ықтималдығы 85-90 %.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<