Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды

246

0

Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды Қазгидромет еліміздің екі облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады, – деп хабарлады Baq.kz.

16 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
16-18 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. 16 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ болады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %.