Еліміздің кей өңірінде қар жауып, боран соғуы ықтимал

330

0

Елдің басым бөлігінде алдағы үш тәулікте қар жауып, солтүстік облыстарды боран соғуы ықтимал деп хабарлайды «24 Хабар» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстікте жаңбыр жауып, соңы ақ ұлпаға ұласуы ықтимал. Ал батыс өңірлерде жаңбыр жаумайды. Күн жылы болады.

Алдағы уақытта солтүстік облыстарда боран соғуы мүмкін. Мамандар бүгіннен бастап бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы артады деп болжап отыр. Сондықтан тұрғындарды абай болуға шақырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<