Отандық футболды кеңінен насихаттап, барынша қолдау білдіруге енді жұлдыздар да атсалысады. Қазақстан футбол федерациясы мен танымал өнер майталмандары арасында арнайы келісім жасалды.
Оның негізінде іріктеліп алынған 11 адам ұлттық құрамалардың ойындарына қатысып, әлеуметтік желілер арқылы көпшілікті ақпараттандырып отыруға міндетті. Бұл бастама жастар мен жасөспірімдер арасындағы футболды одан сайын дамытып, жаңа деңгейге көтереді деген үмітте мамандар. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 6-шы қыркүйек күні өткізеді. Ұлттар Лигасы аясындағы алғашқы мачта жерлестеріміз Грузия құрамасымен жолығады.
Мейрамбек Бесбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Біз де патриот ретінде міндеттіміз деп ойладық. Рахмет айтамыз осыны қолға алып, әртістердің ішінен іріктеп, жинаған екен бәрімізді.
Азамат Айтқожин, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы:
– Басты мақсатымыз белді азаматтарымыздың футболға бет бұрып жатқанын, футболды дамытуға үлестерін қосып жатқанын жасөспірімдерге көрсету.
Дереккөз: 24.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<