Еліміздің шығысында тағы нөсер жауын болады

887

0

Еліміздің шығысында тағы нөсер жауын болады Синоптиктердің болжамынша 16 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысында тағы да нөсер жауын болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Бұл ақпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтында жарияланды. «16 наурыздан бастап Шығыс Қазақстанда мол жауын-шашын күтілуде. Кей жерлерде нөсер жаңбыр болуы мүмкін. Ауа температурасының күрт жылынуы салдарынан жазық жерлерде қарғын су жүріп, таулы өлкелерде тасқын болуы мүмкін. Өзендер арнасынан асып, маңайына жайылады деп күтілуде», – делінген департамент мәліметінде.
Қазіргі таңда облыс бойынша орташа ауа температурасы – минус 16 градусты көрсетіп тұр. 14 наурызда кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнге қарай тұман түсуі күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<