
Бұл ақпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтында жарияланды. «16 наурыздан бастап Шығыс Қазақстанда мол жауын-шашын күтілуде. Кей жерлерде нөсер жаңбыр болуы мүмкін. Ауа температурасының күрт жылынуы салдарынан жазық жерлерде қарғын су жүріп, таулы өлкелерде тасқын болуы мүмкін. Өзендер арнасынан асып, маңайына жайылады деп күтілуде», – делінген департамент мәліметінде.
Қазіргі таңда облыс бойынша орташа ауа температурасы – минус 16 градусты көрсетіп тұр. 14 наурызда кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнге қарай тұман түсуі күтілуде.