Елімізде 1 шілде күні дүниеге келген әр үйдің тұңғышына сыйлық жасалады

224

0

Қазақстанда 1 шілде күні өмірге келген әр үйдің тұңғыш сәбиіне сыйлық жасалады. Қазақстан халықтары Ассамблеясы ұлттық аспап мейрамының құрметіне әр балаға домбыра сыйлауға уәде берді. Бұл туралы “Хабар-24” арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Алматыда өткен журналистер мен сарапшылар клубы отырысында мекеме төрағасы Леонид Прокопенко мәлім етті.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысқандар Ассамблея клубының жаңа мүшесін сайлады. Ол – “Хабар” арнасы жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы Қымбат Хангелдина болды.

Кездесу барысында Хангелдина журналистер қауымдастығының алдағы міндеттері жайлы сөз етті.
“Қазақстандық қауымдастықтың алдында тұрған міндет пен Қазақстан халықтары Ассамблеясының алдында тұрған міндет бір. Бұл қоғамдық институттың көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізіп жүргені сөзсіз. Бейбітшілік пен келісім, бірлік пен ынтымақтастық – кез келген экономиканы дамытудың алғы шарты”, – деп атап өтті Хангелдина.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<