Бүгін Астана қаласының Оқушылар сарайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев цифрландыру кезеңінде маңызды, әрі сұранысқа ие мамандықтарды таңдау мәселесін 9-11 сынып оқушыларына, олардың ата-аналарына және ұстаздарға түсіндіріп берді. Кездесуге спикер ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментідиректоры Н.Ж.Оспанова және Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е.Бектұрова қатысты.
Вице-министр Н.Әлтаевоқушылар мен түлектердің назарын еңбек нарығына әсер ететін негізгі әлемдік трендтерге аударды: цифрландыру және жаңа технологияны енгізу, демографияның және бизнес орталықтың өзгеруі.
Ендігі кезекте, жаңа технология болашақта мамандарды және маманға қойылатын талапты түбегейлі өзгертеді. Бағалау бойынша, өндірістік үдерістің шамамен үштен бір бөлігі 2035 жылы автоматтандырылатын болады. Сондай-ақ, 2035 жылға дейін туризм, білім, көтерме, бөлшектелген сауда, көлік және логистика және тағы басқа салаларда 932 мың жаңа жұмыс орындары құрылады.
Сонымен бірге, өңдеу және тау-кен өндірісі, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша 441 мың жұмыс күші босап қалуы күтілуде.
Ауыл шаруашылығындағы автоматтандыру және жаңа технологиялар осы саладағы жұмыс күшін азайтуға әсерін тигізеді.
Вице-министрдің айтуынша, жұмыспен қамту саласының басым бөлігі цифрландырылады. Олар өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақтау, құрылыс салалары болады.
Осыған орай, Министрлік жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының бағалауы бойынша 2022 жылға дейін экономикада ақпаратты дайындау жөніндегі қызметшілер, құжаттарды рәсімдеу, тіркеу, қызмет көрсету саласы аса қажеттілік танытады.
Олардың саны 2016 жылмен салыстырғанда 11%-дан аса артпақ.
Сондай-ақ, орташа деңгейдегі мамандар да талап етілетін болады, оның ішінде мәселен мынадай мамандар, дәнекерлеуші, ветеринарлар, краншы, мамандар-жөндеушілер, осы мамандықтар 2022 жылы 9,4%-ға арттырылады, сонымен қатар, сандық үлесі 8,1% -ға арттырылатын жоғары деңгейдегі мамандар. Маркетологтар, өткізу бойынша, қызмет көрсету, инженерлер, және де техника саласындағы кез-келген маман иелері талап етілетін болады.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшылар күші аз талап етілетін болады. Автоматтандыру және жаңа технология осы саладағы жұмыс күшіне деген талапты азайтады.
Кездесу соңында вице-министр дербес оқудың маңыздылығын атап өтті: «Жаңа әлемде бұл негізгі таптырмас қасиет. Оқу мен ізденіске талпынған әрбір адам қоғамда болып жатқан барлық өзгерістерді тез игере алады. Бұрынғы уақытта бұл қасиеттер тек кәсіпкерлер, бизнесмендердің бойынан табылатын еді. Ал, қазіргі таңда еңбек нарығында әрбір адам бизнесмен ретінде өз стратегиясын ойлай алуы қажет. Жаңа уақыт- жаңа талапты, ынтаны қажет етеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<