Елімізде биыл көмір бағасы жөн-жосықсыз қымбаттамайды

370

0

Елімізде биыл көмір бағасы жөн-жосықсыз қымбаттамайды Өйткені бақылау күшейеді. Жылу маусымын тұрақты өткізу мақсатында үкімет басшысының тапсырмасымен арнайы штаб құрылды.
Оның құрамында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар және көмір өндіруші компаниялардың өкілдері бар. Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Роман Склярдың айтуынша, штаб мүшелері жылу маусымына дайындық пен өзге де атқарылар жұмыстарды бақылауда ұстайды. Сондай-ақ көмірдің коммуналдық саладағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуді және халыққа уақытылы жеткізілуін қадағалайды. Жалпы жыл басынан бері елімізде 60 миллион тонна көмір өндірілді. Оның 32 миллион 500 мың тоннасы электр станцияларына жеткізілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен халықтың тұтынуына 5,5 миллион тоннасы жұмсалды, ал 15 миллион тоннаға жуығы экспортталған.
Роман Скляр, ҚР ИДМ бірінші вице-министрі:
– Біз көмірдің бастапқы бағасын білеміз. Сонымен қатар оның тасымал құны туралы да хабарымыз бар. Енді жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, делдалдың қосқан бағасын анықтаймыз. Көбіне көмірдің құны темір жол бекеттеріндегі қоймаға жеткеннен кейін көтеріліп кетеді. Сондықтан біз әкімдіктермен байланыса отырып, әрбір бекеттегі бағаны бақылауда ұстаймыз. Әрине, жолдың қашықтығына байланысты әр өңірде баға әр түрлі болуы мүмкін. Тасымалдаушы компаниямен бірлесіп, әр аймаққа қажетті көмірді уақытылы жеткіземіз деген үміттеміз.
www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<